«Астана Опера» театры сахнасында балалар өнер көрсетеді
«Музыка әлеміндегі таңғажайып хикаялар» атты концерт «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін балаларға арналған жазғы іс-шаралар легін бастайды. 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуге мерекенің басты кейіпкерлері — театрдың балалар хоры мен балет студиясының жас әртістері шақырады.
«АстанаОпера» театрының режиссері әрі концерт идеясының авторы Наталья Кагадий барлық номерлер бір драматургия бойымен тізілетінін атап өтті.
— Концертке қатысушылар — театрдың Үлкен залында түрлі амплуада ойнап жүрген балалар студиясының әртістері, бұл жолы кәдімгі балалардың рөлінде шығады. Олардың оқулары аяқталды, енді, міне, көптен күткен демалыстары басталды. Сабақтар мен шектеулерден босаған балалардың көңілі шаттыққа толы. Оларды достықтың қадірін біліп, мейірімділік пен әлемдегі бар жақсылықты тануды үйрететін сынақтар күтіп тұр. Бұл тұста оларға музыка көмектеседі, — деп тәмамдады режиссер.
Әр номер өзінше бір хикая — жас әртістер мультфильм, ертегі әлеміне, тіпті В.Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсына да тап болады. Концертке балалар студиясы толық қатысады, ондағы хор мен балетте 105 қатысушы бар.
Отандық композиторлардың әндері: Қ. Сақайдың «Мектеп-ана», Т. Мұхамеджановтың «Заман-ай», М. Ілиясовтың «Мерекем — сен» және басқаларының, сонымен қатар неаполитандық «О sole mio!» әні шырқалады. Әртістер джаз стиліндегі өнерін ағылшын тілінде орындалатын Х. Бибидің «Who says I can't read music» және «Hats», Д. Шварцтың «You gotta generate heat», Л. Коэнның «Аллилуя», Х.М. Каноның «Hijo de la luna», Ф. Сарторидің «Con te partirò» (Time to say goodbye) композициялары арқылы паш етеді. Орындайтындыр: Лаура Күлекешева, Әнел Оразбаева, Алиса Шайпак, Айша Орынбасарова, Адиля Сәрсенова, Дариға Біләлова, Гүлбану Ержанова және басқалары.
Жаннұр Бәкешева мен Дина Салауатованың басшылығындағы балет студиясының әртістері қазақ биі «Дайдидау», «Балалар уақыты емес», «Демалыс уақыты» және «Yellow submarine» мен «Let it go» әндеріне қойылған хореографиялық композицияларды көрсетсе, Күн шығыс елінің өкілдері Харука Сато, Рейка Шимамура, Эри Куракава жапон биі «Сакураны» орындайды. Зағипа Әбішева Ц. Пунидің «Эсмеральда» балетінен номер көрсетеді, ал Э. Морриконенің музыкасына қойылған Су перісінің бейнесінде сахнаға Әнел Болат шығады.
— Біз балаларға жазғы демалыста небір таңғажайып хикаяларды бастан кешуді, сондай-ақ күн сәулесінен мол қуат алып, оқу жылына жаңа күш жинауды және мақсаттарына жетуді тілейміз, — деп тіледі балалар студиясының хормейстері Алтынғаным Ахметова.
Әрі қарай